ҚР Үкіметінің қаулысымен Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-сұлтан қаласы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын "юриспруденция"мамандығын бітірді. Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясы жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады. 2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2006 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды. 2007-2009 жылдары-Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы. Әр жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары-"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ Басқарушы директоры, вице-президенті, "Қазақстан инжиниринг ҰК"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2015 жылдан 2016 жылға дейін "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" басшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан 2020 жылға дейін Нұр-сұлтан қаласындағы "Алматы" ауданының әкімі қызметін атқарды. 2020 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы"акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы. Дереккөз: primeminister.kz |