Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен Қазақстанның
авиациялық әкімшілігі АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы
қалаларының әуежайларымен бірлесіп Air Astana әуе
компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан
бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану
жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile
қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және
отырғызу пункттерінде қолдануға болады.
Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да
болғаны жөн. Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар
жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады.
EgovMobile-дағы цифрлық құжаттар қызметімен
генерацияланған QR-code есептеу бойынша  Е-document
бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев
халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.
Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен
құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді
цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу
жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі