Ағымдағы жылғы 5 ақпанда Алматы қаласында жыл сайынғы «Digital Almaty» цифрлық форумы аясында «Индустрия 4.0» пленарлық сессиясы аяқталды.

Сессияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглова құттықтау сөзімен ашты, онда ол жаңа шынайылық жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру мәселелері туралы айтты.

Талқылау аясында ірі компаниялар, беделді халықаралық сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері өнеркәсіптік секторда цифрлық шешімдерді тиімді және жылдам енгізу, сондай-ақ пандемия жағдайында Индустрия 4.0-ге көшу тәжірибесімен бөлісті.

«SiemensAdvanta» компаниясының бас директоры А.Саррацин Siemens компаниясының Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан серіктестігі және Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының Индустрия 4.0-ге көшу перспективалары туралы айтты.

«Алтыналмас АК» АҚ президенті-Басқарма төрағасы Д.Б. Қанашев «Цифрлық кеніш» жобасы, Индустрия 4.0 IT-құралдарын қолдану арқылы бірыңғай ақпараттық орта және іске асырылып жатқан, жоспарланған басқа да жобалар туралы айтып берді.

Өз кезегінде «Қазақмыс» ЖШС-нің ІТ бойынша бөлімінің директоры А.Ю. Гревцев пандемия жағдайындағы өнеркәсіптік трансформацияға және цифрландырудың басым бағыттарына қатысты пікірімен бөлісті.

Сондай-ақ, «AlageumElectric» КТ, ERG, Fraunhofer IPA, «BTS Education» өкілдері өз өндірістерінде енгізілетін цифрлық технологиялар, машина жасау құзыретінің орталығы, жаңа кәсіптер атласы және т. б. туралы қысқаша баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар жедел цифрлық трансформация жағдайында кәсіпорындарды жаңа жұмыс деңгейіне жедел көшуге жандандыру, дамыту және ынталандыруға келісім білдірді.

Пресс-служба МИИР РК