Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ЦДИАӨМ Дербес деректер саласын жетілдіруге және оларды қорғауға бағытталған заңнамаға түзетулер әзірлеуді бастады. Цифрлық сервистер қазақстандықтардың өміріне көбірек еніп келеді, сонымен қатар дербес деректердің таралып кету тәуекелі де артып келеді. Қазіргі заманғы шындықтағы дербес деректердің қауіпсіздігі мәселелері біздің еліміз үшін басым мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты әрбір қазақстандық дербес деректерді қорғауды күшейту, жеке деректерге қатысты өз құқықтарын кеңейту және осы саладағы ұлттық заңнаманы жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. Ұсыныстар 2021 жылғы 15 наурызға дейін келесі тәсілдермен қабылданады:: "электрондық үкімет" порталында электрондық түрде»; Мазмұны бойынша ұсыныстар негізді әрі дәлелді болуға, сондай-ақ Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екенін атап өткен жөн.
|