Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Министр Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы технологиялық сүт-тауар фермасына (СТФ) барды. СТФ жетекші еуропалық өндірушілердің озық технологияларымен жабдықталған. Бағдат Мусинге сиыр саууға арналған автоматтандырылған роботтарды, сиырларды тазарту жүйесін, сиырлардың жай-күйін диагностикалауды және т. б. қамтитын ауыл шаруашылығының технологиялық процестерін автоматтандыру жобасы таныстырылды. Ведомство басшысы Ордабасы ауданының Жусансай және Аққойлы ауылдарын аралады, олар ауылдық елді мекендерді Интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі "250+" жобасына енді. Бұған дейін бұл ауылдардың тұрғындары Интернеттің сапасына шағымданған болатын. Екі ауылда да байланыс сапасының төмендігін көрсеткен өлшеулер жүргізілді. Сол жерде хаттама толтырылды. Операторлар, өз кезегінде, осы жылдың маусымына дейін мәселені шешуге уәде береді. "Біз реттеуші ретінде операторларға айыппұлдарды сапалы байланыс орнатылмайынша жазып беретін боламыз", – деп атап өтті Бағдат Мусин Жусансай ауылының тұрғындарымен кездесуде. Айта кету керек, ҚР ЦДИАӨМ бұйрық жобасын әзірледі, оған сәйкес байланыс сапасының көрсеткіштері анықталды: 3G үшін 1 МБит/с, 4G үшін 5 МБит/с. Өңірге сапары аясында министр "Turkistan 109"бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, ресми ашылудан бастап (2020 жылғы 20 қараша) қаланың тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында: сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоғамдық көлік, білім беру және т.б. 12 мыңнан астам өтініш қабылданған. Сондай-ақ, ведомство басшысы Кентау трансформатор зауытында болып, өндірісті автоматтандырумен танысты. Бұған дейін зауыт ҚР ЦДИАӨМ күштік трансформаторларды дайындау бойынша технологиялық процесті роботтандыруға инновациялық грант алды. Сонымен қатар, Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ облыстық филиалының жұмысына баға беріп, Мемлекеттік корпорация ұжымымен кездесті. Министр ел бойынша 115 Халыққа қызмет көрсету орталығын жаңғырту және Мемлекеттік корпорацияның кадр резерві арқылы кадрлық әлеуетін арттыру жоспарлары туралы айтып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндалды. дереккөз: www.gov.kz |