slider 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (ҚР ЦДИАӨМ) мен БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум Солтүстік және Орталық Азиядағы сарапшылар консультациялары мен үкіметаралық кеңестерді, оның ішінде өңірлік деңгейдегі АТМЭӘК-тің ағымдағы бастамалары мен тиісті жобалары арқылы ұйымдастыруды қоса алғанда, ынтымақтастықтың түрлі салаларын айқындайды.

«Қазақстанда экожүйесі стартаптары алға дамуда. Сол себепті, нағыз IT-чемпиондар мен отандық технологиялық шешімдер пайда болды. АТМЭӘК-пен тығыз ынтымақтастық саланың дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз «Электрондық үкімет», Интернетпен қамту және т.б. сияқты инновациялық шешімдерімізді дамытып, кеңейте аламыз. Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан елдері біздің технологияларымызға қызығушылық танытуда. Оған қоса, оларға ұсынатын жобаларымыз бар», – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бұдан басқа, тараптар цифрлық байланыстар мен трансформацияға сәйкес жіксіз цифрлық нарықтарды ілгерілету мақсатында директивалық органдар үшін цифрлық шешімдердің әртүрлі пакеттерін ұсыну бойынша Орталық Азия елдері мен Моңғолияға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасында цифрлық шешімдердің субөңірлік орталығын құрудың ықтимал нұсқаларына талдамалық зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Анықтама ретінде:

АТМЭӘК – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесімен мақұлданған және штаб-пәтері Бангкокта, Таиландта орналасқан; Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу үшін жауап береді. 
дереккөз: https://www.gov.kz/